Accessibility links

Қырғызстанның сыртқы істер министрі міндетін атқарушы Роза Отынбаева саяси баспана сұрап келген 4 өзбек азаматын кері қайтарған ресмилерді тергеп, қажет болса жауаптылар тиісті жазасын алады деді


Бұл жөнінде министр Р.Отынбаева Вашингтондағы шетелдік саяси сарапшыларға айта келе, Қырғызстан халықаралық гуманитарлық заңдарды мүлтіксіз орындайды деді.

- Біз бұл жағдайдың қалай орын алғанын мұқият зерттеудеміз. Жақын күндерде кінәлі кісілерді анықтаймыз. Олар қатаң жазасын алады. Халықаралық міндеттемеге орай, біз Өзбекстан азаматтарына қажетті көмекті береміз, - деді Қырғызстан сыртқы істер министрі Р.Отынбаева.

Өткен бейсенбіде Қырғыз заң орындары осы елден баспана сұраған 16 өзбек азаматының төртеуін Тәшкенттің өтінішімен Өзбекстанға кері қайтарған болатын. Әндіжанда өткен айда болған қантөгісті оқиғалардан кейін, 500-дей өзбек азаматы көршілес Қырғызстанға қашып өткен еді. Олардың 444-і қазіргі кезде Қырғызстандағы босқындар лагерінде қалып отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG