Accessibility links

Ирақта бүлікшілдер сот төрешісін атып кетті


БАҒДАД. Бүгін Ирақтың Мосул қаласында сот төрешісі Салем Махмуд әл-Хаж Әли мен оның жүргізушісі оққа ұшты. Сонымен қатар, Ирақтың Рамади қаласында орын алған жарылыстан АҚШ-тың 5 әскері опат болды. Кеше Ирақта болған шабуылдардан 40-тан астам адам құрбан болды. Бағдадтың солтүстік батысында орналасқан Ирақтың Халес әскери базасының асханасында бомба жарылып, оның салдарынан кемінде 23 адам қаза тауып, 30- адам жараланды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG