Accessibility links

БҰҰ өкілдері Қырғызстандағы өзбек босқындарымен сұхбат өткізеді


БІШКЕК. Біріккен Ұлттар Ұйымының Қырғызстанға келген Адам құқықтарын қорғау жөніндегі Комиссиясы мамыр айында Өзбекстанның Әндіжан қаласында болған оқиғаларды зерттеуге бел буғанын жариялады. Осыдан 1 ай бұрын Әндіжан қаласында өзбек әскері наразылық танытушыларға оқ атқан соң, 500-ге жуық өзбек босқыны Қырғызстанға қашып кеткен болатын. 10 күнге созылатын бұл сапары барысында БҰҰ-ның өкілдері осы босқындармен сұхбат өткізбек. - Олар, сондай-ақ, Қырғызстан үкіметінің өкілдерімен кездеседі, - деді Қырғызстан сыртқы істер министрлігінің өкілі Ұлан Жүсіпов.

Құқық қорғаушылар Әндіжан оқиғасы кезінде жүздеген адам мерт болған десе, ресми Ташкент 173 адам құрбан болды дейді. Сәрсенбі күні Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Әндіжандағы қантөгіс туралы жазған журналистерге қысым мен зорлық-зомбылық жасалып жатқанын сынады.
XS
SM
MD
LG