Accessibility links

Кашмирдің Пәкістан әкімшілігі жағындағы сепаратистер жетекшісі Пәкістан 1980 жылдары көтерілісшілерді жаттықтыру үшін қарулы күштерді берген деп мәлімдеді


Мұндай мәлімдеме "Жамми" деп аталатын Кашмирді азат ету майданының жетекшісі Аманулла Ханның жаңа кітабында айтылған. Кашмирлік сепаратистерді үйретіп-жаттықтырды деген Үндістан жағының айыптауларын Пәкістан үнемі жоққа шығарып келген болатын. Бірақ, Аманулла Хан Пәкістанның барлау агенттігі бүлікшілерді оқытып, оларға қару берді дейді. Бүгін Кашмирдің Үндістан жағындағы соңғы қақтығыста ең кемінде 10 адам мерт болған, оның 6-ы көтерілісші деп күдіктелгендер.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG