Accessibility links

Ирандa бүгін қатаң қауіпсіздік шаралары жағдайында президент сайлауы өтіп жатыр


Ирандықтардың рухани жетекшісі Аятолла Хамени сайлаушыларды шын жүректерімен таңдау жасап, исламдық республиканы қолдауға шақырды. Иран сайлаушылары бүгін Конституция бойынша төрт жылдық үшінші мерзімге сайлана алмайтын президент Мохаммед Хатамидің орнына мемлекет басшысын жаңадан сайлау үшін дауыс берді.

Бұрынғы президент Акбар Хашеми Рафсанжани президенттіктен үміткерлікке тіркелген 7 кандидатттың ішіндегі жеңіске жетуден ең көп үміті бары. Қазір жасы 70-ке келген ол көбірек еркіндік беруге және экономикалық мәселелерді шешуге уәде еткен болатын. Оның ең мықты қарсыластары ұлттық полицияның бұрынғы басшысы Мохаммед Бейкр Калибаф пен бұрынғы білім министрі Мұстафа Моин. Егер үміткерлердің ешқайсысы да 50 проценттен астам дауыс үлесін жинай алмаса, сайлаудың тағы бір кезеңі өткізіледі.
XS
SM
MD
LG