Accessibility links

Кеше Әзербайжан астанасы Бакуде оппозицияны қолдайтын 20 мыңдай адам шеруге шығып, биліктен қараша айына белгіленген парламент сайлауын еркін және әділ өткізуді талап етті


Олар президент Илхам Әлиев үкіметіне қарсы ұрандармен шықты. Ереуілшілер «Еркін сайлау», «Парақорлық жойылсын!», «Азаматтарға қудалау болмасын!», «Демократияға жол ашылсын!» деп ұрандатты.

Бұл шеруді Халықтық майдан, Мұсават партиясы және Әзербайжан демократиялық партиясы бірігіп ұйымдастырды. Батыстық және халықаралық ұйымдар да президент Әлиевтен қараша айындағы сайлаудың таза өтуіне кепілдік беруін талап етіп отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG