Accessibility links

Асқар Ақаев жұма күнгі бүлікке қатысым жоқ деді


Қырғызстан бас министрінің орынбасары Дәнияр Үсенов Бішкектегі жағдай толық тұрақтандырылды деп мәлімдеді. Президенттік сайлауға тіркеуге жарамайды делінген саясаткер Ұрмат Барықтабасовты қолдаушылар кеше үкімет үйіне баса-көктеп кірген. Ереуілшілер мен полиция арасында болған қақтығыстан 40 адам жараланған. Шамамен 300 адам қамауға алынды.

Қырғызстан басшылары бүлікті бұрынғы президент Асқар Ақаевтың адамдары ұйымдастырды деді. Ақаевтың адвокаты Максим Максимович бүгін мұны жоққа шығарды. Қырғызстан бас прокуроры Әзімбек Бекназаров Барықтабасов және оның қолдаушылары үкімет төңкерісін жасамақ болды деді.

AzattyqTV

Беларусь аймақтары

«Ашулы белорус» марштары

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG