Accessibility links

Талибаншылар аудандық полиция бастығын өлтірді


Талибан әскерінің қашып жүрген жауынгерлері Қандағар провинциясы Миа-Нишин аудандық полициясының бастығын өліммен жазаладық деп жариялады. Полиция бастығы Нәния Аға осыдан үш күн бұрын Қандағар провинциясында кепілдікке алынған болатын. Талибаншылардың өкілі полиция бастығы Нәния Аға бүгін шариат сотының үкімі бойынша жазаланды, Нәния Аға бірнеше талибандық жауынгердің қазасына қатысы болғаны үшін айыпты деді. Талибандықтар жұма күні кемінде 13 ауғандықты кепілдікке алған болатын, олардың арасында Миа-Нишин ауданының әкімі де бар. Талибаншылдар ұсталғандардың тағдырын шариат соты шешеді деді.
XS
SM
MD
LG