Accessibility links

Кондолиза Райс Израиль мен Палестинаға сапарын аяқтап жатыр


АҚШ сыртқы істер министрі Кондолиза Райс Израиль мен Палестина Газа секторындағы еврей қонысшыларының үйлерін бұзу қажеттілігіне келісті деді. Екі тарап Газа секторынан еврей қоныстарын әкету жоспарында толық координация жасауға келісті деп айтылды. Кондолиза Райс мәлімдемесін бүгін Иерусалимде Израиль бас министрі Ариель Шаронмен кездескен соң жасады. Палестина басшыларымен Райс кеше кездескен болатын. Таяу Шығыс сапарының жалғасында Райс енді Иорданияға, Египтке және Сауд Арабиясына барады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG