Accessibility links

Қырғызстан парламентінің бұрынғы төрағасы Мұқар Чолпонбаев қамауға алынды


Қырғызстан полициясы парламенттің бұрынғы төрағасы Мұқар Чолпонбаев қамауға алынды деп жариялады. Бішкек полициясының бастығы Өмірбек Субанәлиев "Азаттық" радиосына берген сұхбатында Мұқар Чолпонбаев 17 маусым күні үкімет үйіне жасалған шабуылды ұйымдастырушылардың бірі деп айыпталғанын хабарлады. Ереуілді бастағандардың тағы бірі – бизнесмен Ұрмат Барықтабасов Қазақстанға қашып кетті делінді. Полиция М.Чолпонбаев үкімет үйінің ішіне кіріп, ереуілшілерді алға бастап жүрді дейді. Чолпонбаев – биліктен кетірілген президент Асқар Ақаевты қолдаушылардың бірі.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG