Accessibility links

Палестина басшысы қоныстарды шығару жоспарына келісті


Палестина президенті Махмұд Аббас Израиль Газа секторынан еврей қоныстарын шығаратын тамыз айындағы кезеңде тыныштықты қамтуға дайынмын деп мәлімдеді. Израиль телекомпаниясына берген сұхбатында Махмұд Аббас палестиндіктер израильдіктердің көмегімен ондаған шабуылдың алдын алды деді. Аббас және Израиль бас министрі Ариель Шарон қоныстарды шығару жоспарын ертең талқыламақ. Екеуара оқ атпау келісімі ақпан айында жасалғалы бері бұл алғашқы кездесу болмақ.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG