Accessibility links

Палестина билігі Израиль премьер-министрі Ариель Шарон мен Палестина басшысы Махмұд Аббас арасында өткен басқосуынан қанағаттанбадық дейді


ИЕРУСАЛИМ. Израиль екі аптаның ішінде Иорданның батыс жағалауындағы Қалкилия және Вифлеем қалаларын Палестина бақылауына беретін болды. Бұл туралы Израиль премьер-министрі Ариель Шарон Палестина басшысы Махмұд Аббаспен Иерусалимдегі басқосуында айтты. Израиль ресмилерінің айтуынша, Шарон, сондай-ақ, Аббасқа палестиндықтар Газа жазығында әуежайы мен теңіз портын ашса болады деген. Алайда, бұл шаралардың іске асуы Палестина басшысы Махмұд Аббастың көтерілісшілерге қарсы әрекеттер жасауына байланысты деді Израиль премьер-министрі. Ал Палестина билігі екі жарым сағатқа созылған бұл басқосудан қанағаттанбадық деп мәлімдеді. Бұл екі ел басшылары арасында ақпан айында өткен саммиттен кейінгі екінші басқосу болып отыр.
XS
SM
MD
LG