Accessibility links

Ресейдің сыртқы істер министрі НАТО-ның 1990-шы қарулануды бақылау келісімін ратификацияламағаны байланыстарды жетілдіруге үлкен кедергі болды деп атап көрсеткен


Аталған келісім 1999 жылы Совет Одағы құлағаннан кейін қорғаныс саласындағы жаңалықтарды қамту үшін өзгертілген болатын. Келісімді Ресей өткен жылы шілдеде мақұлдаған еді. Интерфакс агенттігі Сыртқы істер министрінің өкілі Алекснадр Яковенконың НАТО-ның бас хатшысы Яаап де Хуп Схеффердің Мәскеуге сапары алдында бұл келісімдердің мақұлдануынан үмітті деген сөздерін берген. НАТО келісімді ратификациялауды Ресей әскерлерінің бұрынғы советтік Молдова республикасынан кетуінің тоқтап қалғандығымен байланыстырады. Яковенко Ресей мен НАТО террорға қарсы күресте және Ауғанстаннан келетін заңсыз есірткі тасымалын болдырмау үшін ынтымақтастықты арттыра түсуі қажет деп атап көрсеткен.
XS
SM
MD
LG