Accessibility links

Бүгін Ауғанстан ішкі істер министрі АҚШ пен Ауған күштері осы аптаның ішінде елдің оңтүстігінде 100-ден астам талибан күрескерлерін өлтірді деп хабарлады


Ол қаза тапқандардың ішінде Талибанның үш жоғары дәрежелі қолбасшысы бар дейді. Ауған министрінің өкілі Лутфулла Машал үш күнге созылған шабуылдар кезінде 150-ден астам партизан қашып, Пәкістан шекарасы арқылы өтіп кетті деген. Ол Талибан күрескерлерінің қатарында ұрду тілді Пәкістан жаугерлері болды, ал өлтірілгендердің ішіндегі екі көтерілісші Шешенстаннан болса керек деп айтқан.
XS
SM
MD
LG