Accessibility links

Өзбекстан 13 мамырда Әндіжан қаласындағы толқуларды ұйымдастырып, билікті басып алмақшы болып, бірлесе жұмыс істеген үш исламдық топ деген айып тақты


Өзбекстан Бас прокурорының бірінші орынбасары Әнуар Нәбиев олар Түркістан Ислам қозғалысы, Хизб-ут-Тахрир, Акрамия топтары деп атап көрсетті. Нәбиев шағын топтарға бөлінген осы үш ұйымның адамдары Өзбекстан мен Қырғызстан территориясы арқылы Әндіжандағы қарсылық ереуілдерін басқарған дейді. Сәрсенбі күні Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров та Өзбекстанның Әндіжан оқиғасы турасындағы тексерулер қорытындыларын қостап, бұл ереуілдерге исламдық экстремистік топтардың қатысы болғандығы жөнінде Мәскеудің де барлау деректері бар дегенді айтты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG