Accessibility links

Бүгін Иранда президент сайлауының екінші туры өтеді


ТЕҺРАН. Бүгін Иранда президент сайлауының екінші туры өтеді. Бұл сайлауда Иранның бұрынғы президенті Акбар Хашеми Рафсанжани мен Техранның консервативті әкімі Махмұд Ахмадинежад бәсекеге түседі. Аталған екі үміткер өткен жұмада сайлаудың бірінші турында ең көп дауыс жинаған болатын. Акбар Хашеми Рафсанжани президент Махмуд Хатамидің іске асырған реформаларын одан әрі жалғастырамын десе, ал Махмұд Ахмадинежад болса Иранның мұнайдан алатын табысын әділ түрде бөлуге уәде берді.
XS
SM
MD
LG