Accessibility links

Ресей президенті Путин бүгін Мәскеуде НАТО бас хатшысы Яап де Хоп Схеффермен кездесіп, лаңкестік пен есірткі саудасына қарсы күрес және Ауғанстан, Ирақ, Балқандағы аймақтық мәселелерді талқылады


Владимир Путин, Ресей мен НАТО бірлесіп Ауғанстан мен Орталық Азиядағы есірткі саудасына қарсы күресуі тиіс деген ойын айтты. НАТО басшысы Схеффер, ұйым Әндіжандағы көтерілісті қантөгіспен басқан Өзбекстан үкіметіне аса алаңдаулы екенін жеткізді. Схеффер ол оқиғаны халықаралық ұйымдардың қатысуымен тергеуге кезекті рет тағы да шақырды. Әндіжандағы қантөгісті оқиғаға байланысты Ресей Өзбек үкіметінің іс-қимылын қолдайды.
XS
SM
MD
LG