Accessibility links

Түркіменстан Украинаға газ беретін болды


Түркіменстан сыртқы істер министрлігі Украинаға биыл және келесі жылы газ сату жөнінде Украина үкіметімен келісім таптық деп мәлімдеді. Сөйтіп, екі ел арасындағы дау басылып тұр. Түркіменстан 2005 жылдың бірінші жартысына қарағанда газ бағасы төмен болсын, бірақ, газ құны тауармен емес, әр бір мың текше метр үшін 44 доллармен өтелсін деп ұсынды. Төлем дауы басталған соң Түркіменстан биылғы жылдың басында Украинаға және Ресейге газ бермей қойған болатын. Түркіменстан тарабы «Украина бізге шамамен 600 миллион доллар қарыз, қарызын тауармен өтеуге келісті» дейді.

AzattyqTV

Оңтүстік Қазақстан

Тозығы жеткен Сайрам жолы

XS
SM
MD
LG