Accessibility links

Джордж Буш Ирақ көтерілісшілерін жеңемін деген уәдесін қайталады


Вашингтонда Ирақ бас министрі Ибрахим Әл-Жафаримен кездескен АҚШ президенті Джордж Буш Ирақта өтпелі кезең аяқталғанша әскерімізді кері шығармаймыз деп айтты:

- Әскер шығару жайында ешқандай кесте туралы әңгіме жоқ. Бас министрге осыны айттым. Біз мақсатымызды орындауымыз керек, бұл маңызды міндет болып тұр. Демократиялық Ирақ құру - Америка Құрама Штаттарының мүддесіне жатады және бұл бейбітшілікті орнату шарты болып табылады.

Ирақ бас министрі бұл пікірмен келісіп отыр. АҚШ қоғамында қазір Ирақ соғысын қолдау төмендей түсті. Буштың Республикалық партиясындағы кейбір парламент депутаттары да әскерімізді қайтару уақытын белгілеу керек дейді.

AzattyqTV

Екінші Елизавета

91 жастағы патшайым

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG