Accessibility links

Ирандағы президент сайлауында Махмұд Ақмеденижет озып шықты


Иранда өткен президент сайлауының екінші кезеңінде жеңіске консерватор үміткер, Теһран қаласының әкімі Махмұд Ақмеденижет жетсе керек. Ішкі істер министрлігі Ақмеденижет дауыстардың шамамен 62 пайызын алды, Рафсанжаниге сайлаушылардың шамамен 35 пайызы дауыс берді деп хабарлады. Бұл әзірге алдын-ала қортынды, ал ресми қортынды бүгін кешке жарияланбақ.

Бұл ислам елінде алғаш рет орын алған президенттік сайлаудың екінші турында байыпты бағыттағы саясаткер, бұрынғы президент Ақбар Рафсанжани консерватор саясаткер Махмұд Ақмеденижетпен жарысты. Мұнай табыстарын халыққа әділ жеткізу керек деп уәде айтқан Ахмединежет кедей аймақтарда алға шықты.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG