Accessibility links

Қырғыз президенті мен БҰҰ бас хатшысы өзбек босқындары туралы сөз қозғады


БІШКЕК. Қырғызстанның уақытша президенті Құрманбек Бакиев кеше телефон арқылы БҰҰ-ның бас хатшысы Кофи Аннанмен Өзбек босқындары туралы сұхбаттасты. Өткен аптада Өзбекстан үкіметі Қырғызстанға босып кеткен 133 Өзбек азаматын кері қайтаруға сұраған болатын. Ресми Ташкент 133 адамның бәрі Әндіжан оқиғасын ұйымдастарғандар болуы мүмкін дейді. Естеріңізге сала кетсек, Әндіжандағы қанды оқиғалардан кейін, жүздеген Өзбек азаматы көрші Қырғызстанға босып кеткен-ді. Қырғызстан президенті кеңсесінің мәлімдемесіне қарағанда, Бакиев БҰҰ-ның бас хатшысына Қырғызстан босқындар мәселесін халықаралық міндеттемесіне сәйкес, сондай-ақ, Қырғызстан мен Өзбекстан арасында қол қойылған екі-жақты келісімдерге сәйкес шешеді деді. Ал өз кезегінде Кофи Аннан аталған мәселені шешуге жәрдем беретінін айтқан.
XS
SM
MD
LG