Accessibility links

Ирақта АҚШ-тың тікұшағы апатқа ұшырап, 2 адам қаза тапты


БАҒДАД. Бүгін Ирақта АҚШ-тың бір әскери тікұшағы апатқа ұшырады. АҚШ әскерінің хабарлауынша, бортында 2 адам болған тікұшақ Бағдадтың солтүстігінде орналасқан Таджи әскери базасының жанында құлаған. Ұшақтың не себептен апатқа ұшырағаны әлі белгісіз. Бортындағы 2 адам қаза тапты. Сонымен қатар, бүгін Бағдадта орын алған жарылыстан Ирақтың екі бейбіт тұрғыны мерт болды. Бүгін Ирақ премьер-министрі Ибрахим Әл-Жафари Лондонға келді. Бұл сапары барысында Әл-Жафари Британия премьер-министрі Тони Блэрмен кездесіп, Ирақты қайта құру мәселелерін талқылайды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG