Accessibility links

Сирия Ирақтағы елшілігін қайта ашпақ


Сирия Ирақтағы елшілігін қайта ашу мақсатымен Бағдадқа ресми делегациясын жолдап отыр. Екі көрші елдің дипломатиялық қатынастары 20 жыл бұрын үзіліп қалған. Сирия делегациясы, сол сияқты, барлық салада қатынастарды қайта жандандыру мәселелерін талқыламақ. Сирия ресми өкілдері соғысушылар Ираққа Сириядан келіп жатыр деген мәселеде Ирақ үкіметінен нақты дәлелдерді сұрамақ. Осындай сұрау айтамыз деп Сирия сыртқы істер министрі Фарұқ Әл-Шараа өткен аптада мәлімдеген болатын.
XS
SM
MD
LG