Accessibility links

Ирақ билігінің Ирақ үкіметіне тапсырылғанына бір жыл толды


Ирақ билігінің АҚШ-бастаған бірлестіктен Ирақ үкіметіне тапсырылғанына бүгін бір жыл толып отыр. Ирақ бас министрі Ибрағим Әл-Джафари елде қауіпсіздік орнатуға екі жыл әбден жеткілікті деді. Әл-Джафари Ирақ қауіпсіздік күштерін жетілдірсе және Ирақ көршілері өз шекараларын күшейтсе көтерілісшілерді басуға үлкен септігін тигізеді деді. АҚШ қорғаныс министрі Дональд Рамсфельд дүйсенбі күнгі сөзінде Ирақтағы көтерілісшілердің қолынан бейбіт тұрғындар көбірек қаза тауып жатқанымен, олардың жалпы ықпалы әлсірей түсті деді. АҚШ президенті Джордж Буш бүгін Солтүстік Каролина штатында "Форт Брагг" әскери базасында сөйлеп, Ирақтағы жағдай жайында бас баяндама жасамақ.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG