Accessibility links

Баспасөзге шолу. 06.28.2005 жыл


Сейсенбі күні жарық көрген “Жас алаш”, “Айқын, “Литер”, “Казахстанская правда” сынды т.б. басылымдар негізінен Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстандағы Конституциялық заңдылықтың жай-күйіне қатысты тыңдалған жолдауды басты тақырып ете отырып, президенттік сайлау қашан өтеді? деген мәселеге назар аударған екен.

“Айқын” басылымының сейсенбілік санында жарық көрген “Депуттар сұрау салудан қайтпайды, Рогов мырза біледі, бірақ айтпайды” атты мақалада президент сайлауының қай мезетте өтетінін біле алмай бастары қатып, отырған депуттар үшін сайлаудың қай күні өтетіні тағы да белгісіз қалғандығы сөз болыпты. Онда Парламент палаталарының бірлескен отырысында президент сайлауының дәл қай күні өтетіндігін анықтағысы келген депутат Валерий Котовичтің сауалына нақты жауап болған жоқ деп жазылады. Мақалада: “Депутат Валерий Котовичтің өткенде Жұмабеков пен Балиева шақшадай басымызды шарадай етіп кетті. Заңгер қанша болса, пікір де сонша деген рас екен. Сіз Конституциялық кеңес емессіз бе? Өз кеңесіңізді бермейсіз бе” дегені КК төрағасы Игорь Роговтың езуіне күлкі үйіргендігі айтылыпты. Мақала авторы Айқан Шәріп Валерий Котовичке жауап қатқан Игорь Роговтың: “Сізге әлгілерге қоса тағы бір заңгердің пікірі керек болып тұрса, мен ешқайда қашқалы тұрғам жоқ. Ал егер сізді Конституция баптарының ресми түсіндірмесі қызықтыратын болса конституциялық кеңесте ешқайда қашпайды. Бірақ біз оны президент, үкімет басшысы, парламент палаталарының төрағалары немес депуттардың бестен бір бөлігі ресми жүгінсе ғана бере аламыз. Бізге алдымен ресми жүргінсеңіздерші” деген жауабы біреулердің жағасын, ал біреулерді еденнен тесік іздептіп төмен қаратты, деп жазады.

Ал “Жас алаш” басылымы Парламент палаталарының бірлескен отырысындағы бұл көріністі баланың жасырынбақ ойынына теңейді. “Желтоқсанның бесіне дейін” атты мақалада автор Руслан Ерболұлы президентті үнемі қолдап жүретін бірде-екілі депутат сайлаудың биылғы жылдың желтоқсанының бесінде өтетініне сенімді. Депуттарды сайлаудың өтер мерзімі қызықтырса, Мәжіліс Конституциялық кеңестің түсініктемесіне қарамай-ақ шешім шығара алады. Мәжілістің қазіргі жүрісі жұрт көңілін алдай тұру болса керек немесе Ақ орда әзірге нақытылы бір шешімге келе алмай отыр” деп жазады. Сондай-ақ Руслан Ерболұлы өз мақаласында үнемі бүйректен сирақ шығарып жүретін Е. Әбілқасымов сенат төрағасына депутаттық сауал жолдап, сенатор Зәуреш Батталова “АҚШ-тың нұсқауымен жұмыс істейді” дей келе, Зәуреш Батталованың депутаттық мандатын қайтарып алу керек деген талап қойғандығын жазыпты.

“Ақжол Қазақстан” апталық басылымының соңғы санында алдағы президент сайлауы қатысты президенттік “Отан” партиясының белсенділерінің бірі – Нұрлан Ерімбетовтің “Сайлаулар жақындаған сайын оған билік соғысқа дайындалғандай дайындалады” деген сұхбаты жарық көріпті. Онда ол былтыр өткен парламенттік сайлауда Отанның абыройы айрандай төгілді. Сондықтанда қарапайым халықтың Отанға деген сенімі әлсіреді депті. Сондай-ақ бұл сәтсіздіктің себебін ол Отанның құрамындағы партия беделіне нұқсан келтіретін адамдардың болғандығынан көреді. Партия солардың барлығынан арылуы керек деген пікірде Нұрлан Ерімбетов. Сонымен қатар оппозициялық саясаткер Заманбек Нұрқаділовте “Ақжол Қазақстан” газетінде алдағы президеттік сайлауға түсетін үміткерлер Қырғызстандағы үміткерлер санынан аз болмауы керек екендігін айтыпты. Ол Қырғызстанда қазір президент сайлауына қатысатын 7 адам бар. Бастапқыда 20-ға жуық еді қой. Бірақ оған дейін біздің кейбіреуімізге кедергі қоймаса деп есептейді саясаткер Заманбек Нұрқадліов.
XS
SM
MD
LG