Accessibility links

Қазақстанның Әділет министрлігі «Әділетті Қазақстан үшін» қозғалысын тіркемей отыр

  • Досан БАЙМОЛДА

«Әділетті Қазақстан үшін» қоғамдық қозғалысын Қазақстанның Әділет министрлігінің Тіркеу комитеті екінші рет тағыда тіркеуден бас тартқан. Бұл туралы маусымның 28 і күні Алматыда БАҚ өкілдері алдында «Әділетті Қазақстан үшін» қоғамдық қозғалысының төрағасы Жармақан Тұяқбай мәлімдеді.

Оның айтуынша Әділет министрлігінің Тіркеу комитеті қозғалыстың жарғысында жазылған «қаржы көздері» деген сөзден шошып отырса керек сондықтан да олар ұсыныс ретінде оның орнына «қаржы көздері» емес тек «ақша» деп жазылуы керек екендігін кеңес етіпті. «Әділетті Қазақстан үшін» қоғамдық қозғалысының төрағасы Жармақан Тұяқбайдың айтуынша Әділет министрлігінің бұл қылығын түсіну өте қиын яғни олар азаматтардың бірлестік құру еркіндігі жөніндегі конституциялық құқықтарын аяқ асты етіп отыр. Екіншіден Әділет министрлігінің тіркеу комитеті басқадай партия,қозғалыстардың жарғыларында көп кезіге беретін бұндай бір мазмұндас сөздерге назар аудармайды ал неге осы қозғалыстың жарғысына осынша шұқшиып отыр, сондықтан да қозғалыс басшылығы осы заңсыз, әдлетсіз жағдайды ескеріп Әділеті министрлігінің үстінен сотқа шағым түсірген.

Әділет министрлігінің Тіркеу комитеті бастығының орынбасары Талғат Манаев болса «Әділетті Қазақстан үшін» қозғалысы неге тіркеуден өтпей отырғандығына байланысты қозғалыс басшыларына маусымның 20 сы кезінде арнайы хат жолдағанбыз, олар ол хатты алған болулары керек, хатта бар нәрсе толық жазылған дейді. Ал саясаткер Әміржан Қосанов болса Әділет министрлігінің «Әділетті Қазақстан үшін» қозғалысын неге тіркемей отырғандығы түсінікті нәрсе, бұның саяси астары бар, Ж.Тұяқбайды биылғы өтетін президент сайлауына барлық оппозициялық күштер атынан бір кандидат ретінде ұсынып қойдық, енді билік болса әр нәрсені сылтауратып қозғалысты тіркееуден өткізбей осылай мәселені кешеуілдете бермекші дейді.

Ал «Апта.кz» басылымының бас редакторы Жасарал Қуанышәлі болса оппозициялық қозғалысты тіркемеңдер деген осындай нұсқау билік тарапынан түскен болу керекю соған байланысты бұл Әділет министрлігінің әдейі істеп отырғаны деген пікір айтады. «Әділетті Қазақстан үшін» қозғалысының басшылары Астана қалалық сотқа Әділет министрлігі үсітінен шағым түсіріп отыр.
XS
SM
MD
LG