Accessibility links

Доллар мен евро арасындағы бәсекелестік жалғасуда

  • Нұрлытай ҮРКİМБАЙ

Әлемдік сауда тұтқасын Құрама Штаттары мен Еуропа одағының ұстап тұрғаны белгілі. Сондықтан да доллар мен евроның бір-бірімен бәсекелес ретінде көрінуі-заңды да. Олардың осындай өзара әсер мен байланыстары 500 миллиондай халықтың қаржылық өмірлеріне тікелей әсер етіп отыр. Әлемдік сауда жүйесі арқылы бұданда көп азаматтар осы тақылеттес әсерлерді сезбей қалған жоқ. Ендеше, ежелгі доллар мен жас евроның болашағы қандай болмақ?

Қазіргі кезде, шынын айтқанда, доллар да, евро да өз елдерінде мығымданғанның орынына әлсірей түскен. Мысалы, өткен жылы доллар евро және басқа да ақшалармен салыстырғанда, өз құндылығының үштен бір бөлігінен айрылғаны белгілі. Ирақ пен Ауғанстандағы соғыстар нәтижесінде АҚШ долларының құнсыздануы, қаржы тапшылығы және кең көлемдегі сауда саласындағы жетімсіздік сияқты құбылыстар тұтас нарық саласындағы қиын түйіндермен қатарласа жүрген болатын. Қаржы базарында доллардың қатты құлдырауымен қатарлас жағдайда евро күтпеген биіктіктерге көтерілді. Алайда, қазіргі кезде сол евроның өзі қиын жайды басынан кешіруде. Мысалы, Еуропа одағының Ата заң жобасы қабылданбай қалды. Одақ басшылары ұзақ мерзімге арналған бюджетті бекітуде бір келісімге келісе алмады. Сондықтан евро өткен айларда, доллармен салыстырғандағы, өз құндылығының 11 пайызынан айрылып қалды.

Былтырғы жылғы құлдырау үдерісіне қарамастан ежелгі тарихы бар доллар әлемдегі ең басты қаржылық белгі ретінде қалып отыр. Атап айтқанда, әлемдік қаржылық қорлардың 70 пайызы доллармен, ал 20 пайызы евромен сақталуда. Осыған қарамастан Еуропа одағы болса өз ақшаларының, яғни евроның доллармен қатар қор сақталатын қаржы белгісі болатынына сенеді және соған ұмтылуда. Сарапшылардың пікірінше, қорлардың осылайша қос қаржы белгісімен жинақталуы- аса маңызды. Сонда ғана әлемдік қаржы жүйесінің, бір ғана қаржы белгісі үстемдік құрған кезде болуы мүмкін кері әсерлерді мейлінше жеңіл қабылдауына мүмкіндік туғызылмақшы.

Сарапшылардың бірі Карстен Фритш - Франкфурттегі Коммерцбанктің өкілі. Оның айтуынша евромен қор сақтауға ұмтылыс әлемде баяу жүруде. Алайда евро дұрыс бағытта келеді дейді ол.

- Орталық банктер, оның ішінде Азия елдеріндеді банктер өз қорларын евромен, демек түрлі жолдармен сақтау ісіне жайлап ауысуда. Себебі бұл үдерісті шапшаң жүргізген жағдайда, доллардың қатты құлдырауына әкелетіндгін олар біледі. Мұның натижесінде олардың доллармен сақтаулы қорлары құнсызданатын болады, - деді Фритш мырза.

Сарапшылардың дәлелдеуінше, қысқа мерзімдік аралықта доллар деңгейі одан әрі өсе түседі, дейді. Франкфурттегі Дойтш банктің қаржы белгілері бойынша сарапшысы Стефан Шнейдердің пікірінше, мұндай өсудің негізгі себебі долларға деген пайыздық деңгейдің жоғарылығы екен. Еуропа Орталық банкінің қосымша қаржыландыру деңгейі қазіргі кезде, өз тарихындағы ең төменгі сатыда екен. Яғни ол көрсеткіш 2 пайызды құрап, АҚШ-тың Федерал резерв атты орталық банкінің көрсеткішінен төмендеп қалған. Ұзақ мерзімге арналған үдеріс тұрғысынан келгенде АҚШ өкіметінің жүргізіп отырған құнды қағаздарға қаражат енгізу шаралары негізінен долларды күшейтуге бағытталған. Тіпті мұның өзі 4 пайыздық табыс әкелген күннің өзінде, алдағы 10 жыл ішінде евромен салыстырғанда 85-тей деңгейге артады дейді Шнейдер мырза.
XS
SM
MD
LG