Accessibility links

Ресей ресмилерінің Өзбекстан үкіметін құлату үшін осында болған толқуларды ауған жерінде жаттықтырылған бүлікшілер басқарғаны жөнінде деректеріміз бар деп мәлімдегеніне Ауғанстан реніш білдірді


Ауғанстан президенті Хамид Қарзайдың сыртқы істер жөніндегі кеңесшісі Рангин Дадфар Спанта Ресей президенті В.Путин мен сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың осы ретте айтқандарына түсінік бере келіп, «Азаттық» радиосына былай деді:

- Талибан күштері мен әл-Қаида ең бастысы Ауғанстанға қарсы, олардың Орта Азиямен, оның ішінде Өзбекстанмен ісі жоқ.

Ол Ауғанстан билігі кез-келген топтың ауған жері арқылы басқа елдің ісіне араласуына жол бермейді деп атап көрсетті. Ол Өзбекстанда орын алған оқиғалар Грузия мен Украинада, Қырғызстанда болған жайттармен тығыз байланысты деген.
XS
SM
MD
LG