Accessibility links

Әндіжан оқиғалары үшін президент Кәрімов Батысты айыптауда


Өзбек елбасы Ислам Кәрімов Мәскеуде ресми сапармен жүр. Өткен айда Әндіжанда болған оқиғалар шетелде дайындалған, деген пікірін білдірді ол. Бұл пікірді Ресей елбасы Путин мен Қорғаныс министрі Сергей Иванов та растады. Бұл оқиғаларды Батыс ұйымдастырып отыр, деген айыптауын Кәрімов жіңішкелеп жеткізді.

Өзбекстан елбасы Ислам Кәрімов Мәскеуге ресми сапарынан едәуір пайда көруде. Ресей Қорғаныс хатшысы Сергей Ивановпен сәрсенбі күнгі кездесу кезінде ол Әндіжан оқиғалары шет елдерде өте мұқият түрде ұйымдастырылған, деді. Әндіжанда 13-мамырда орын алған қанды оқиғалар барысында өзбек өкіметі 176 адам қаза болды десе, ал хұқық қорғаушы топтар өлтірілгендер саны 500-ден асады, дейді. Ресей елбасы Владимир Путинмен кездесуі кезінде де Кәрімов осыған ұқсас мәлімдеме жасаған болатын. Ол Әндіжан оқиғаларын бұдан бұрын Украина мен Қырғызстанда болған оқиғалармен байланыстыруға тырысты.

Кәрімов мырза АҚШ Конгресі мен НАТО-ны және Еуропа Парламентін арнайы қарар жобасын талқылап, тыңдаулар өткізді, деп жанама түрде айыптап өтті.

- Бұл әдейі жасалған қарар алдын-ала әзір болған еді. Және елестетіп көріңіз, АҚШ Конгресі бұл қарарды талқылап, тиісті шешім қабылдады. Ол қарарды Еуропа Парламенті мен НАТО да талқыламақшы, - деді Кәрімов мырза.

Кәрімов бұдан әрі осы айыптауларын дәлелдейтін, егжей-тегжейлі дәлелдер айта қойған жоқ. Аталған қарар жобасы шынында да белгілі бір жерде, Әндіжан оқиғалары қарсаңында әзірленді, деуге дәлелдер болмағандықтан, бұл тұжырымды тәуелсіз бұлақтар арқылы растай қою қиын. Бұған дейін өзін лаңкестік әрекеттерге қарсы күресте АҚШ-тың одақтасы, деп ойлап келген Кәрімов мырза, осылайша алғаш рет Батыс пен Әндіжан оқиғалары арасында тікелей байланыс бар деді.

Кәрімовтың бұл айыптауларына орай пікір білдіре қоюдан ресми Кремль бойын аулақ салуда. Дей тұрғанмен, Әндіжан оқиғалары шетелде әзірленген, деген ойды растай түсті. Ең әуелі Иванов мырза ондай көтерілістің әзірленіп жатқандығын Ресей білген еді, деді Өзбек елбасымен сәрсенбі күнгі кездесуі барысында. Ал, Путин мырза болса, сейсенбі күні сөйлеген сөзінде осы ойды одан әрі дәлелдей түскен болатын.

- Ауғанстанның арнайы базаларында әзірліктен өткізілген қарулы жауынгерлердің жеткізілгендігі жөніндегі ақпаратты біз растаймыз. Олар шекаралық аймақтарда жинақталған болатын, бұл - нақты мәлімет. Біздің құпия қызметтеріміз осыны растады, - деді президент Путин.

Әндіжан оқиғаларын халықаралық дәрежеде зерттеуге шақырған Батыстың талаптарын сейсенбі күні Кәрімов тағы да кері қайтарды. Бірнеше айлар ішінде бұл оқиғаны зерттеуді Өзбек өкіметі аяқтайтын болады, деді Кәрімов. Сейсенбі күнгі Путинмен кездесуі барысында Кәрімов мырза “халықаралық дәрежеде зерттеулер жүргізуді талап ете отырып, НАТО ұйымы Орта Азиядағы ықпалын күшейтуге ұмтылуда” деп айыптады. Әндіжан оқиғаларына қатысы бар айыптылар анықталып, сотқа тартылады деді өзбек елбасы. Дей тұрғанмен, ол сот үдерістері ашық түрде өткізіліп, оған Адам хұқықтарын қорғаушы ұйым өкілдері жіберілетін болады деді Кәрімов мырза.
XS
SM
MD
LG