Accessibility links

Қытай елбасы Ху Жиңтао мырза Ресейге төрт күндік сапармен келді


Қытай басшысының Ресейге сапар барысында екі жақ арасындағы энергия және қорғаныс байланыстарын одан әрі нығайтуға күш салынбақшы. Қытай басшысының сөзіне қарағанда, олар Ресеймен арадағы сауда байланысын 80 миллиард АҚШ доллары шамасына көтермекші. Сондай-ақ Ресейдің Сібір арқылы өтетін мұнай құбырын Қытайдың солтүстігіне бұрғызуға Ху мырза күш салмақшы. Жапония болса ол құбырдың Тынық мұхиты жағалауына жеткізілгенін қалайды. Екі ел басшылары сондай-ақ халықаралық істерді жеке елдің шешуі орынды емес, деген тұрғыда Құрама Штаттарына бағытталған арнайы қарар қабылдамақшы. Шілденің 3-де Ху мырза Қазақстанға сапармен баруды жоспарлауда.
XS
SM
MD
LG