Accessibility links

АҚШ әскерилері апатқа ұшыраған тікұшақтың қаңқалары жатқан жерді тапты


İшінде 17 солдаты бар “Чинок” атты тікұшақ сейсенбі күні Ауғанстанның шығысында құлаған болатын. АҚШ әскери өкілдерінің айтуынша, ол жер - Кунар аймағының Пәкістанмен шекарасына жақын маң екен. Солдаттардың тағдыры жөнінде АҚШ әскери өкілдері әлі ешнәрсе жариялай қойған жоқ. Тікұшақ жерден атып түсірілген екен. Талибан өкілдері бұл шабуылды өздері мойындарына алуға ұмтылуда. Ауа райының жауын-шашынды болуы, сондай-ақ таулы аймақта қарулы топтардың белсенділігі іздеу-құтқару жұмыстарына кедергі келтірген болатын.
XS
SM
MD
LG