Accessibility links

Израйль әскерилері Газа аймағындағы Еврей қоныстарын жабық аймақ деп жариялады


Бұл қадамдарын әскерилер, аталған еврей аймағына әсіре ұлтшыл топтардың енуіне жол бермес үшін жасалды деп түсіндірді. Осының алдында ғана әсіре ұлтшылдар мен өкімет күштері арасында қақтығыстар орын алған еді. Бұл жерлерден еврей тұрғындарын көшіру жоспарына әсіре ұлтшылдар Палм Бич атты қонақ үді басып алып, берілместен қарсы тұруда еді. Израйль полициясы аталған қонақ үйге шабуыл жасап, онда бекінгендерді күшпен шығарды. Ел өкіметі болса Газа аймағы және Батыс жағалаудың кейбір жерлерінен еврей тұрғындарын көшіруді жоспарлауда. Сондай-ақ, Израйль-Ливан шекараларын қорғауды ресми Тель-Авив Ливан өкіметінен талап етіп отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG