Accessibility links

Израил полициясы кеше еврей қоныстанушыларын шығару үшін олар бекініп алған жағалаудағы қонақ үйге шабуыл жасады


Көптеген қоныстанушылар Израилдың Газа секторынан кетуіне наразылық танытып, Пальма жағалауы деп аталатын қонақ үйге орнығып алған болатын. Әскери өкіл Ширлей Феинголд билік Израилдың кетуіне кедергі келтірген радикалдарға қарсы шаралар қолданатын болады деп атап көрсетті:

- Соңғы бірнеше күнде Газа секторында болған жағдайлардың бәрін біз бақылап отырмыз. Біз оны жан-жақты анықтаған соң қимыл-әрекетке бардық.

Басқа да хабарларға қарағанда, Израил телеарнасы кеше түні Израил тікұшақтары Ливанның оңтүстік жағында Хезболла бекінісі деп күдіктелген аймақты бомбалады деген хабар таратты.
XS
SM
MD
LG