Accessibility links

Асқар Ақаев Қырғызстанда сайлаудан кейін билікке отыратын екі азаматқа сенімді


Халықтық көтеріліс нәтижесінде қызметінен кетуге мәжбүр болған Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаевтың айтуынша, шілденің 10-ында болатын президент сайлауынан кейінгі кезде, оның екі саяси бәсекелесі - Бақиев пен Құлов елді басқаруға лайықты жетекшілер болып қалмақ.

Ақаевтың айтуынша, жаңа жетекшілер алдында елдегі саяси тұрақтылықты нығайту, демократияны дамыту жолындағы үлкен уазипалар тұр. Қырғызстандық белгілі екі қайраткердің өзара келісіміне орай, егер сайлауда Құрманбек Бақиев президент болып сайланса, бас министр қызметі Феликс Құловқа сөзсіз берілуі тиіс.
XS
SM
MD
LG