Accessibility links

Ресейдің РЕН-ТВ телестанциясы металлургия алыбына 100 миллион долларға сатылмақ


Журналистер бұл ең соңғы деген тәуелсіз арнаның да бақылауға алыну әрекеті дейді. Оппозицияның либералды қайраткері Анатолий Чубайс басқаратын Біріккен қуат көздері жүйелерінің кеше жария болған мәлімдемесінде аталған арнадағы 70 проценттік үлесін "Северсталь" компаниясына 100 миллион долларға сатуға келіскендігі айтылған. Северсталды Кремльмен достық қарым-қатынастығы сезілетін өнеркәсіп алыбы Алексей Мордашов басқарады.

Рен-ТВ-дің қалған 30 проценттік үлесін немістің «Бертелсман медиа» компаниясы басқаратын Франциядағы РТЛ телерадиохабарларын тарату компаниясы сатып алатын болған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG