Accessibility links

Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, БҰҰ және АҚШ өзбек босқындарының жайына алаңдаулы


ОБСЕ өкілі Дмитрий Руппель АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райспен әңгімелесулерінің барысында Қырғызстандағы өзбек босқындарының жағдайына баса назар аударып, өз алаңдаушылығын білдірген. Өткен айда Әндіжандағы толқулар қантөгіспен басылған кезде 500-ден астам адам көрші Қырғызстанға қашып өткен-ді. Руппель Қырғызстан билігі бұл босқындарды олардың қалауынсыз Өзбекстанға кері қайтармауы керек деп атап көрсетті. Ол сонымен қатар Өзбекстан ресмилерінің Әндіжан қантөгісіне халықаралық тергеу-тексеру жүргізуге қарсы болып отырғанына да қынжылыс танытты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG