Accessibility links

АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райстың айтуынша, Өзбекстан демократия талаптарына сай адам құқықтарын қорғау саласындағы өз міндеттемелерін орындамай отыр


Райс ханым бұл жөнінде кеше Вашингтонда өткен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының бас қосуында айтқан. АҚШ мемлекеттік хатшысы, Өзбекстанның лаңкестікке қарсы күресте АҚШ-қа қолдау көрсетіп, өз аумағынан әскери базаға орын бергендігіне қарамастан, өз еліндегі адам құқықтарының аяқ асты етілүіне байланысты, Өзбекстанды сынап арнайы бөліп айтты. Осыған дейін АҚШ адам құқықтарының бұзылуына байланысты Өзбекстанға бермек біршама шетелдік көмекті тоқтатқан болатын. Енді Әндіжандағы қырғынға орай АҚШ тағы да жаңа ескертулер жасап отыр.
XS
SM
MD
LG