Accessibility links

Бағдадтың батысындағы полиция орталығы алдында болған жанкештілік жарылысынан кемінде 12 адам мерт болып, тағы да ондаған кісі жарақат алды


İшкі істер министрлігі өкілі полковник Абдул Рахманның айтуынша, өзі де қаза болған жанкешті беліне жарылғыш байлап алған екен. Йармурк қаласындағы аурухана дәрігері Қасымның айтуынша 20 шақты адам жарақат алған.

- Бізге жарақат алғандарды әл-Нисур алаңынан жеткізді, - дейді дәрігер.

Шекарасыз репортерлар тобының хабарлағанындай, әл-Ирақия теледидары журналисті Халид әл-Аттарды жұма күні қарулы біреулер ұрлап әкетіп, атып өлтірген. Ол Мосул қаласында қасақана өлтірілген 9-шы журналист.

AzattyqTV

Маңғыстау мұнайшысы

Жамбыл Бойбоздың пікірі

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG