Accessibility links

Шілденің 2-сі күні Үлкен сегіздік елдерінің астаналарында Африкадағы аштық, кедейлік тақсіретін тартқандарға көмек беруге арналған рок-музыка концерттері өтті


Концерттер Токиодан Филадельфияға дейінгі жер шарының тоғыз қаласында жалғасты. Лондондағы Гайд паркте өткен концертті 150 мың адам тамашаласа, концертті бастаған да, оның шымылдығын жапқан да Пол Маккартни болды. Қайырымдылық концерттері алдағы аптада өндірісі дамыған сегіз мемлекет - Үлкен сегіздік елдері жетекшілерінің Шотландияда болатын жоғары дәрежелі кездесуі алдында ұйымдастырылды. Мұнда жер бетіндегі кедей елдердің миллиондаған қарызын кешіру мәселесі қаралады. 160-тан астам эстрада жұлдыздары мен әйгілі әншілер қатысқан концерттерді тамашалаған көрермендердің жалпы саны 10 миллиондай болған.
XS
SM
MD
LG