Accessibility links

Өткен түні Сербияның астанасында үш бірдей жарылыс болды


Оның бірі Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының кеңсесіне жақын жерде орын алса, екіншісі жергілікті парламент маңайында, үшіншісі - БҰҰ-ң штабы жанында жарылған. Зардап шеккендер туралы хабар болмаған. Бұл жарылыстар Сербияның оңтүстігіндегі БҰҰ-ң бақылауындағы аймақтың түпкілікті мәртебесі туралы шешім қабылданар алдында жасалып отыр.

Косовоның албандар көпшілік тұратын провинциясы тәуелсіздікті қалайды, ал Сербия болса оған жол бергісі келмейді. БҰҰ Косовоға өзіндік бақылау кепілдігін беріп те қойды. Жұма күні БҰҰ басқарушысы Сорен Петерсен жаңадан құрылған Косовоны қорғау корпусының жұмысын тоқтатты. Ол Косово албандарының жетекшілері корпус тәуелсіз Косовоның болашақ әскері қызметін атқарады деп айтқан соң, осындай шешім қабылдадым деген.
XS
SM
MD
LG