Accessibility links

Еуропа Одағы Иранның ядролық қаруға ұмтылған қызметіне ешқашан жол бермейді


Бұл туралы Франция сыртқы істер министрі Филипп Доусти-Блейзи сейсенбі күні Вашингтонда америкалық әріптесі Кондолиза Райспен кездескен соң айтты. Кондолиза Райс Иран уран байыту қызметін тоқтатуға бағытталған Еуропа Одағының келіссөздерін қолдап отырмыз деді. Райс келіссөздердің мақсаты – Иран бұл қызметті уақытша емес, біржолата тоқтасын деді. Иран уран байыту қызметіміз тек бейбіт мақсатты көздейді деп келеді. Иран мен Еуропа Одағының келіссөздері тамыз айында жалғаспақ.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG