Accessibility links

Пәкістан Ирақтағы елшісін уақытша кері қайтармақ


Ирақта жоғары топтағы дипломаттарға бірнеше шабуыл жасалған соң Пәкістан елшісін уақытша кері қайтаратын болды. Пәкістан елшісі Юнус Хан отырған мәшинеге кеше Бағдадта оқ атылған болатын, адам шығыны жоқ. Пәкістан үкіметі Ирақтағы елшімізді Иордания астанасы Амманға ауыстырып жатырмыз деді. Екінші жағдайда Бахрейн елшісіне шабуыл жасалды, ол жеңіл жарақат алды. Ал Египет елшісі Ихаб Әл-Шарифтың ұрлануын Абу-Мұсаб Әл-Зарқауи басқаратын "Әл-Қаида" ұйымының тобы өз мойнына алды. Египет елшісі Бағдадта сенбі күні кешкісін көшеден әкетілді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG