Accessibility links

Дағыстан журналисінің өлтірілуіне наразылық айтылды


"Халықаралық Пресса Институты" деген баспасөз еркіндігін қорғайтын ұйым Дағыстан журналисі Магомед-Зағид Варисовтың өлтірілуіне сөгіс айтты. "Новое дело" газетінің тілшісі Магомед-Зағид Варисов ел астанасы Махачқалада 28 маусым күні өлтірілді, белгісіз біреулер оны жол үстінде атып кетті. Варисов мұның алдында ғана арнаулы жасақтардың көршілес чешен ауылында жасаған шабуылы жайында мақала жариялаған болатын. Бас пәтері Венада орналасқан "Халықаралық Пресса Институтының" директоры Иоханн Фриц Ресей үкіметіне қайырылып, журналистердің қудалауын тоқтату мақсатында қолдан келер барлық шараны іске асыруға шақырды.
XS
SM
MD
LG