Accessibility links

Бүгін 2012 жылғы Олимпиаданы өткізетін ел анықталады


Халықаралық Олимпиада комитеті 2012 жылғы ойындарды өткізетін елді бүгін анықтамақ. Ол мәртебеге бес үміткер – Париж, Лондон, Мадрид, Нью-Йорк және Мәскеу таласып отыр. Қортынды мәжіліс Сингапурда өтеді. Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Жак Рогге қортынды шешімді шығару аса қиынға түспек, себебі 2012 жылғы ойындарды өткіземін деген бес қаланың әр қайсысы өте жоғары дәрежедегі үміткер болып отыр деді. Шешім Халықаралық Олимпиада комитетінің 99 мүшесі арасында жасалынатын жасырын дауыс беру арқылы шығарылады, жеңіске жету үшін кемінде 50 дауыс жинау қажет. Шешім теледидар арқылы тікелей толқында бүгін Астана уақыты бойынша кешкі бес жарымнан соң жарияланбақ.
XS
SM
MD
LG