Accessibility links

АҚШ үкіметі Орталық Азиядан әскерімізді әкетпейміз деді


АҚШ үкіметі Орталық Азиядан американдық және коалициялық әскерді шығару күнін белгілеу керек деген Шаңқай Ынтымақтастық Ұйымының ұсынысын қабылдамады. АҚШ сыртқы істер министрлігінің өкілі Скот Маккормак американдық әскер Орталық Азияда аймақ үкіметтерімен жасалған екіжақты келісімдердің негізінде орналасқан және әр тарап бұдан өз пайдасын көріп отыр деді.

"АҚШ және батыс бірлестігінің әскерін шығаратын кез келді, Ауғанстандағы қақтығыс бәсеңдеді" деп Шаңқай тобының Астана мәжілісінде кеше айтылған болатын. 2001 жылдың 11 қыркүйегінде жасалған шабуылдардан соң АҚШ Ауғанстанда антитеррорлық соғыс бастап, Қырғызстан және Өзбекстанда әуе базаларын ашқан болатын. Тәжікстанда Францияның әскери базасы орналасқан.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG