Accessibility links

Британия сыртқы істер министрі дипломаттарға қарсы жасалған шабуылдарды айыптайды


СТРАСБУРГ. Британия Сыртқы істер министрі Джэк Строу жақында Бағдадта дипломаттарға қарсы жасалған шабуылдарды айыптап, АҚШ жетекшілік ететін коалиция күштері Ирақтағы қауіпсіздік мәселелері жақсарған соң ғана елден кетеді деп мәлімдеді. Бұл туралы Джэк Строу Страсбургте Еуропа парламентіне жолдаған сөзінде айтты. Сейсенбіде Әл-Қаида ұйымы Мысырдың Ирақтағы елшісін ұрлағанын мойындаған. Пәкістан Ирақтағы елшісіне жасалған шабуылдан кейін оны уақытша шақыртып аламыз деді. Ал Бахрейн елшісі Бағдадта оған қарсы жасалған шабуылдан жараланды. Бүгін Ресейдің Ирақтағы елшісі Бағдадта Ресейліктерге қарсы шабуыл жасалды, бірақ ешкім жараланбады деді. Интернетте Әл-Қаида ұйымының Ирақтағы жетекшісі Абу Мусаб әл-Заркауидің дауысы жазылған аудио-таспа пайда болды. Бұл таспада Ирақта шабуылдар ұйымдастырылатыны туралы айтылған.
XS
SM
MD
LG