Accessibility links

Европа қауымдастығы бүгін Британия астанасында орын алған жарылыстарға байланысты өз пікірлерін білдіріп, қауіпсіздік шараларын қолға алды


Паржиде Франция үкіметі Лондондағы шабуылдарға қатысты төтенше мәжіліске жиналды. Үлкен сегіздік саммитінде Франция президенті Жак Ширак Британия үкімет басына француздар британдықтармен бірлікте деген көңілін білдірді. Германияда Берлиннің қоғамдық көлік басқарушылары қауіпсіздіктің алдын-ала қосымша шараларын қолға алғандарын айтқан. Старсбургте Европа парламентінің президенті Жозеп Боррел шабуыл құрбандарына көңіл айтып, бұл нағыз жабайы айуандық іс деп атап көрсетті.

Сондай-ақ, бүгін Европаның көптеген елдері өз астаналарында қауіпсіздік шараларын нығайтатындықтарын айтты.
XS
SM
MD
LG