Accessibility links

Британия премьер-министрі Тони Блэр бейсенбі күнгі тізбекті жарылыстарды Үлкен сегіздік елдері саммитінің тұсында әдейі ұйымдастырылған террорлық шабуылдар деп атап көрсетті


- Лондонда қатарынан бірнеше террорлық шабуылдардың болғандығы айқын, құрбан болғандар да бар. Әрине, біздің ойымыз да, тілегіміз де қаза тапқандар мен жараланғандармен бірге, олардың отбасыларына көңіл айтамыз, - деді ол.

Блэр бүгін Лондонға барды, соңынан ол Шотландияға Үлкен сегіздік саммитіне қатысуға қайтып келемін деп айтқан. Ислам веб-сайтында жарық көрген мәлімдемеде әл-Қаида террорлық жүйесіне жатқызылған топ Лондондағы жарылыстар жауапкершілгін өз мойнына алған. Лондон полициясының комиссары Жан Блэрдің айтуынша, жарылыстардың жалпы саны кемінде алтау, бірақ ол әлі де көптеген нақты мәліметтер белгілі емес деп ескерткен. Кейіннен İшкі істер министрі Чарлз Кларк бұл жарылыстардың төртеуі жөнінде нақты мәліметтер бар деді.
XS
SM
MD
LG