Accessibility links

"Үлкен Сегіздік" тобының саммиті жалғасып жатыр


"Үлкен Сегіздік" тобының Шотландиядағы саммиті Лондонда кеше орын алған шабуылдардан соң қалпына түсті. Гленеглис қаласында өтіп жатқан жиында бүгін ғаламдық ауа жылуы мәселесі, Африка елдеріне көмек көрсету мәселелер талқыланбақ. АҚШ, Британия, Германия, Франция, Италия, Канада, Жапония және Ресей басшылары бұл мәселелер жайында келісімдерге қол қояды деп күтіліп отыр. Рейтерс агенттігі ғаламдық ауа жылуы жайында шұғыл шаралар үндеуі айтылмақ, алайда ешбір тарапқа шектеу қойылмайтын көрінеді дейді. Эколог белсенділер келісім жобасындағы шараларды Америка Құрама Штаттары жұмсартты дейді.

AzattyqTV

Франциядағы сайлау

Кім президент болады?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG