Accessibility links

Лондонда кемінде 37 адам қаза тапты


Лондон қоғамдық көлігінде кеше болған жарылыстардан кемінде 37 адам қаза тапты, 700-ге жұық адам жарақат алды. Британия сыртқы істер министрі Джек Стро шабуылдарды "Әл Қаида" ұйымы атқарған көрінеді деді. Жарылыстарды "Әл Қаиданың Еуропадағы ұйымы" деген топ мойнына алды. Британия бас министрі Тонни Блейер террорлық әрекетке британдықтар бас имеу керек деп шақырды. Ресей президенті Владимир Путин, АҚШ президенті Джордж Буш сияқты әлем жетекшілері шабуылдарға сөгіс айтып жатыр. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі барша елдерге қайырылып, мұндай шабуылдарды іске асыратындарды жауапқа тартуға шақырды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG